Кәсіп таңдауға арналған тест

Е. Климовтың әдістемесі бойынша дайындалған. Сұрақтар тұлғаның жеке ерекшеліктерін, қандай да бір әрекет түріне айқын қызығушылықты анықтау үшін таңдалынған. Бұл кәсіпті дұрыс таңдауда көмегін тигізеді. Мүмкін, бұл тест Сіздің болашағыңызды анықтауда жақсы көмекші болуы мүмкін. Сонымен бірге тесттің әр бес үлгісі бойынша білім беру бағыттары да көрсетіліп отыр.

Әр сұраққа екі түрлі жауаптың біреуін таңдау қажет.

1. Тірі табиғат туралы фильмдер мен бағдарламаларды көруді ұнатасыз ба?
2. Өз қорқынышыңызды жеңе алатын ба едіңіз? Мысалы, атжалманды (крыса) қолыңызға ұстай аласыз ба?
3. Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау ұнайды ма, тіпті қурап қалған гүлдерді де қайта тірілте алу қолыңыздан келеді ме?
4. Жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін жақсы білесіз бе?
5. Сіздің ойыңызша, саябақтар қаладағы инфраструктураларға (жолдар, дүкендер, кеңселер) қарағанда маңыздырақ па?
6. Жағажайға барып демалғанша, саңырауқұлақ теруге орманға немесе тауға шығуға келісер ме едіңіз?
7. Өз компьютеріңіздің 10 бөлшегін бірден оңай атап бере аласыз ба?
8. Физика, әсіресе сарамандық тапсырмаларды орындау қолыңыздан жақсы келе ме?
9. Техника саласына қатысты түсіндіруден, көрсетіп беру Сізге оңай тиеді ме?
10. Балалық шағыңызда механикалық ойыншықтардың ішінде не бар екенін көру үшін жиі шашып тастаушы ма едіңіз?
11. Жаңа «гаджетті» үйрену үшін, ең алдымен нұсқаулықпен жақсылап танысу қажет деп ойлайсыз ба?
12. Геометрия немесе сызу сабақтарында көлемді суретті бірнеше жағдайда салып беру Сізге оңайға түседі ме?
13. Саяхатқа шығып келгеннен соң өзге адамдардың суреттері көп екенін қызығушылықпен аңғарасыз ба?
14. Түрлі мемлекеттердің тарихы және мәдениеті туралы кітаптар мен филмдерді ұнатасыз ба?
15. Бейтаныс адамға көмек қажет болса, жәрдем бере алатын қайырымды адам ретінде өзіңізді есептейсіз бе?
16. Кішкентай балаларға қарау қолыңыздан келе ме?
17. Өзгелерді өз айтқаныңызға көндіре аласыз ба, әрбір адамның көңіліне жол таба аласыз ба?
18. Үлкен аудиторияларда сөз сөйлеугенде өзіңізді жақсы ұстай аласыз ба?
19. Күрделі есептерді шешуді ұнатасыз ба? Қажетті формулаларды пайдалану, есептеулерден жаңылыспау қолыңыздан келе ме?
20. Ақпараттарды график және кестелер түрінде жақсы қабылдайсыз ба?
21. Есептеулерде дәлдікті ұнатасыз, мәтінде зейінсіздіктен қате жіберуге жол бермейсіз бе?
22. Математикалық формула немесе сызбаларды бірінші рет көре отырып, дәл қайталап бере аласыз ба?
23. Өзге адамға белгілі бір затты түсіндіру үшін (мысалы, отырысты қалай ұйымдастыруды) сызба немесе жоспар жасайсыз ба?
24. Үстеліңіздің үсті тап-тұйнақтай, әр зат өз орнында жатыр деп айта аласыз ба?
25. Әңгіме айтуда сезім және ээмоциямен жеткізуге тырысасыз ба?
26. Адамдардың сыртқы бейнесін және бет әлпетін жақсы есте сақтай, танымал адамның бейнесін келтіре не сала аласыз ба?
27. Кітап немесе басқа да заттарды таңдауда сыртқы бейнесіне қарап ала саласыз ба?
28. Фильмердегі немесе кітаптардағы кейіпкерлердің сезімдерін жүрекке жақын қабылдап, ондағы пейзаждарды елестете аласыз ба?
29. Киім кию немесе бөлмеңізді әсемдеу стиліңіз өзгеше... бұл кейбіреулерге ұнамауы мүмкін, алайда Сіздің ойыңызша, қайталанбастық –бірінен басты болуы тиіс деп ойлайсыз ба?
30. Әдемі кәдесый немесе бұйымдарды көріп, дәл сондай немесе одан да жақсы етіп жасай аласыз ба?

РАСПЕЧАТАТЬ