COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,

Академиялық мектеп студенттері студенттік ұйымдар мен университеттің өзін-өзі басқару органдарында белсенді қатысады. Студенттердің жастар қызметі бойынша комитетіндегі қызметтері оларға жаңа ортада дамуға, өзін-өзі дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады.

Біздің мектеп шығармашылық жобалардан басқа интеллектуалдық, логикалық, ассоциативті ойлау қабілеттерін дамытуға үлесін қосуда. Интеллектуалдық қабілетті жүзеге асыруға «Заң үйірмесі» іске қосылуда. «Заң үйірмесі» біздің студенттерге құнды кәсіби тәжірибе беру арқылы олардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктрін арттырады.

Пән бойынша тақырыптың өзектілігі мен мазмұнын ашу, дұрыс саралау мақсатында Алматы қаласындағы тәжірибелік маңызы бар мекемелерде семинар сабақтары өткізіледі. Студенттердің білімге қызығушылығы артып, оқу процессіндегі белсенділіктері уақыт өткен сайын артуда.

«Құқық» академиялық мектебі өндірісті қолдау және тәжірибеге бағытталған оқытуды ұйымдастыру мақсатында  оқытылатын пәндер бойынша қонақ дәрістер ұйымдастырады. Қонақ дәрісі студенттердің қызығушылығын тудырады және пайдалы диалог түрінде өтеді. Кездесуде студенттер қажетті тәжрибелік ақпаратты ала алады.      Студенттерге "Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері"тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды. Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы мен Алматы қаласының полиция департаменті студенттермен құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Оқу жылының басында барлық бірінші курс студенттері үшін Табаған тау курортында  тимбилдинг мерекесі ұйымдастырылды. Биыл сапар 13 қазанға түсті. Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан көз тартатын мекенге 500-ге жуық студент пен 20 оқытушы барды.

Балалар флэшмоб дайындады, ол ортада көтеріңкі көңіл-күй орнатып, қажетті, белсенді күйге келтіріп, барлығы спорттық жарыстарға қуана қатысты.

Қуаныш пен көңілді атмосфера тимбилдингтің негізгі мақсатына қол жеткізгенінің нақты белгісі болды. Барлығы жақсы демалды, күш жинады, көптеген жаңа таныстықтар орын алды және әрине, студенттеріміздің бүкіл оқу жылына оң көзқарастары қалыптасты.

 

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content