Уважаемые посетители нашего сайта. Веб-сайт находится в режиме тестирования. Приносим извинения за временные неудобства. Перейти на старую версию сайта
22 шілде 2019 Диплом тапсыру рәсімі

Қайнар академиясында мамандарға диплом тапсыру рәсімі өтті. Биыл Қайнардың 800-ден астам түлегі жұмысшы қауымын толтырды


26 маусым 2019 Студент-заңгерлер конкурстың жүлдегерлері

Қазақстандағы жастар жылы аясында, Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету" атты студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық ашық конкурсында құқықтық пәндер кафедрасының студенттері жүлделі орындарға ие болды. 1-курс студенті Габитова Мөлдір 2-орын, 2-курс студенті Мусагулов Султан 3-орын алды.


18 маусым 2019 Студенттердің туған күндері

Құқықтық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы студенттерді бейімдеу, ынталандыру және дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Осылайша, академиялық және күнделікті дәстүрдің негізі туған күнді мерекелеу күні - студенттердің туған күнімен құттықтау болып табылады. Құқықтану мамандығының студенттері әрдайым өз құрбыларын креативті құттықтауға тырысады: бейнебаянға құттықтау, би және әндер дайындайды. Сондай-ақ дәстүрлі - торттар, сусындар және туған еркектерге арналған жағымды тілектердіде ұмытпайды. Біздің әр студентіміз назар аударып, құттықтауға лайық. Мұндай іс-шаралар студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік береді, олар ерекше психологиялық феномен және педагогикалық үрдістің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.


10 маусым 2019 Алматы қалалық соты мен Қайнар академиясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Байқұлов және "Қайнар" Академиясының президенті Еренғайып Омаров Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


10 маусым 2019 Мерейтойлық X жазғы Универсиадада алтын және күміс иелендік

ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен 2019 ж.18-22 сәуір аралығында Орал қаласында 2019 жылғы мерейтойлық Х жазғы Универсиадасы өтті. Спорттық бағдарлаудан WE спринтінде "Құқықтану" мамандығының студенті Амина Махаббат Алтын (бірінші орын), ал орта қашықтықта күміс (2 орын) иеленді.


6 маусым 2019 Ғылым мен өндірісті дамытудың қазіргі заманғы үрдістері

«Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Ғылым мен өндірісті дамытудың қазіргі заманғы үрдістері» атты X Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «Бухгалтерлік есеп және салық салуды оңтайландыру үшін инновациялық RFID технологиясы» атты ғылыми жұмыс дайындалды. КонференцияРесейде, Кемеровоқаласында,2019жылдың30сәуірінде өтті


Подать заявку на поступление

Приемная комиссия