COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
11 мамыр

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 27 сәуірінде «Экологиялық қауіпсіздік жүйесіндегі экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері» (Байсалов оқулары - 2023) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жас ғалымдардың (студенттер, магистранттар, докторанттар және 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар) ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы нәтижелі өтті.

Байқаудың мақсаты – дарынды жас зерттеушілердің ғылыми қызметін анықтау және ынталандыру.

Аталған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қайнар Академиямыздан Құқықтық пәндер кафедрасының профессоры Н.Б. Калкаеваның ғылыми жетекшілігімен 2-курс студенті Бабажанова Назерке “Экологиялық қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары” тақырыбында баяндама жасап 3-орын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content