COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
21 сәуір

2023 жылдың 20 сәуірінде құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы қаласы мен Алматы облысының орта оқу орындарының 11-сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында құқықтық пәндер бойынша пәндік облыстық олимпиада өткізілді.

 Іс-шараның мақсаты: қатысушылардың оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру; кәсіби-жеке әлеуетін, олардың өзін-өзі тануын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау; белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу; неғұрлым талантты және дарынды балаларды іріктеу және қолдау болып табылды.

Олимпиада 2 кезеңде өтті: эссе жазу және тест тапсырмаларын шешу. Олимпиаданың нәтижелері 1 және 2 турларға қатысушылардың жинаған ұпайларының санын қосу арқылы анықталды.

Олимпиада жеңімпаздарына академияға түскен жағдайда 30-дан 100% - ға дейін оқу ақысына жеңілдіктер беру кепілдігімен 1,2,3 дәрежелі дипломдар табыс етілді

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content