COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
14 наурыз

 2023 жылғы 10 наурызда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 6В04201-«Құқықтану» ББ білім алушылар арасында халықаралық пәндік олимпиада өтті.

           Аталған олимпиадада Қайнар академиясын «Әділет лигасы» атауымен 6В04201-«Құқықтану: құқық қорғау қызметі» ББ білім алушыларының құрама командасы ұсынды. Оның ішінде- Әбілбек Ділшат, Қабжанова Аружан, Тоқтарова Аружан және Бабажанова Назерке, жетекшісі – Құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Бидайшиева А.Б.

            Олимпиада 4 кезеңнен тұрды: командаларды қарсы алу, "Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы" пәндері бойынша тесттер; "ҚР Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу құқығы, ҚР Азаматтық құқығы" пәндері бойынша теориялық сұрақтар, сондай-ақ ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша кейс-тапсырмалар.

        Жоғары оқу орындарының 9 командасы арасындағы қиын күресте біздің команда жүлделі 3-орынға ие болды.

        Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!         

       Олимпиада студенттерге өз білімдерін сыни тұрғыдан бағалауға және лайықты нәтиже көрсетуге мүмкіндік берді.

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content