COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
22 ақпан

22 ақпан 2023  жылы, сағ. 09.30, Алматы қаласы, Құрманғазы 40 көшесі, Достық Үйінің Мәжіліс Залында (конференц зал 2),  «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ» және Қайнар Академиясы  «ІРГЕЛІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ЖАНАЛЫҚТАРЫ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.

Конференцияға алыс және жақын шет елдердің ғалымдары, отандық психология саласында еңбегі сіңген ғылым докторлары, профессорлар, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы ғалымдар, оқытушылар, PhD докторлары, магистранттар, студенттер, әлеуметтік ғылымдар, әрі психология және педагогика саласындағы ғылыми қызметкерлер, мектеп, лицей, гимназия, кәсіптік білім беру мекемелерінің мұғалімдері  қатысады.  

Конференцияның мақсаты – жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық кеңістігінде психология саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен және практикалық тәжірибелермен алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға, бірлескен ғылыми-практикалық жобаларды өңдеуге, психологиялық ғылым мен практиканың өзекті мәселелері бойынша бейресми қарым-қатынас жасауға коммуникациялық алаңды қалыптастыру.

Конференция қорытындысы бойынша қорытынды жинақтың материалдары шығарылады, қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жинағы, 23 ақпан 2023 жыл


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content