4 наурыз
2022 жылдың 28 ақпанында Қайнар академиясында "Құқықтану" білім бағдарламасы 1-3 курс студенттерінің қатысуымен "Қаңтар оқиғаларына жастардың көзқарасы" тақырыбында пікір-талас өтті. Бұл пікір-таластардың модераторы аға оқытушы Д.Әшімбаев атап өткендей іс - шараның мақсаты-жастардың құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру, оны жалпы адамзаттық құндылықтарды бағалауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға үйрету.