COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
21 желтоқсан

Студенттер Тәуелсіздік Күнін атап өтуде!!!

 

"Қайнар" академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Құқықтану ББ 1-3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен іс-шара өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор С. У. Әбдібеков жиналғандарға құттықтау сөз сөйледі.

Патриоттық мазмұндағы ауқымды мерекелік бағдарлама Қайрат Рысқұлбековтың қамаққа алудың және соңғы сөзімен театрландырылған қойылымын, тақырыптық плакаттар көрмесімен, желтоқсан оқиғасына қатысушы "Экономика және бизнес" кафедрасының офис-тіркеушісі, "Желтоқсан ақиқаты" РҚБ патриоттық қозғалысының медалімен марапатталған Ж.А. Майтықовамен кездесуімен, сонымен қатар 1986 жылғы оқиға орнынан деректі кадрлармен бейнероликтерді, тақырып бойынша билер мен әндерді қамтыды.

 Іс-шара соңында барлық қатысушылар мен қонақтар "Желтоқсан желі" әнін шырқап, желтоқсан оқиғаларының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекетіміздің бостандығы мен күш-қуатының символы болып саналады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен тамаша жалғастырды. Жас ұрпақ біздің мемлекетіміздің қалыптасуындағы өз рөлін түсінетіні қуантады. Бұл жаңа идеялар мен жоспарлардың пайда болуына жаңа серпін береді.

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content