COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
9 желтоқсан

Тұңғыш президент күні

   Қайнар академиясының Ақпараттық-бағдарламалық жүйелер және Тасымалдауды,қозғалысты  ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандықтарының екінші курс студенттері  тәрбие ісі жөніндегі проректор А.С Көшкінбаевтың  және кітапханашы В.О. Изееваның ұйымдастыруымен Тұңғыш президент күніне арналған ашық тәрбие сағатын өткізді. Ол іс шарада тұңғыш президенттің қаламынан туған еңбектерін қамтитын кітап көрмесі де ұйымдастырылып студенттердің назарына ұсынылды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздігінің нығаюына сіңірген еңбектері студенттер тарапынан әзірленген  слайдттардың презентациялары арқылы таныстырылды.Тұңғыш президенттің  саяси тұлғасы Алаш қозғалысының қайраткерлерінің,соның ішінде Әлихан Бөкейхановтың қайраткерлігімен және Қазақстанды Кеңестік кезеңде ұзақ жылдар басқарған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың образымен сабақтастырыла отырылып сипатталды. Студенттер әр слайд бойынша өз баяндамаларын жасады.Осындай іс шаралар Рухани жаңғыру бағдарламасын жастардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіре отырып дамыта түсуге қосылған үлес болады.Қайнар академиясы бұл бағыттағы өз жұмысын әрі қарай да жемісті түрде дамыта беретіндігіне сенімдіміз.Өйткені ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың қолында!

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content