COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
22 қараша

 2021-жылдың  19- қараша күні  Қайнар академиясында  2021-2022 оқу жылында оқуға  түскен мектеп және колледж түлектеріне  арналған «Студенттер  қатарына қабылдау» салтанатты іс-шарасы өткізілді. Қазіргі санитарлық нормалар талаптарына сәйкес бұл іс-шара жартылай онлайн және жартылай офлайн форматта болды.

   Алдымен еліміздің әнұраны ойналып,одан кейін Қайнар академиясының президент-ректоры профессор Еренғайып Салипұлы Омаровқа салтанатты сөз берілді.Ректор өз сөзінде қазіргі Қайнар академиясының көтерілген биіктері мен білім саласында жеткен жетістіктерін  жан-жақты баяндап берді.Студенттерге білім саласының асқар шыңдарын бағындыра беруге тілек білдірді.  Осыдан кейін студенттер өздері әзірлеген концерттік бағдарламаны көрермендер мен  қонақтардың назарына ұсынды.

  Концерт арасында оқу орынының әнұраны ойнатылып ортаға шақырылған  Қайнар академиясының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Сәкен Уалиханұлы Әбдібеков сөз сөйлеп, салтанатты түрде символикалық студенттік билетті бірінші курс студенттеріне тапсырып, ақжол тіледі. Сөз алған кафедра меңгерушілері ,профессорлық -оқытушылық құрамның белді өкілдері студент қауымына игі тілектерін білдірді. Салтанатты іс-шараның тағы бір ерекше тұсы онда өткізілген Қайнар академиясындағы студенттік өмір жәйлі бейнероликтердің конкурсы болды. Аталмыш конкурста психология мамандығының орыс бөлімінің бірінші курс студенттері әзірлеген бейнеролигі бас жүлдені жеңіп алды. Бұл топтың кураторы Токкулинова Гүлнар Қазтайқызы екенін айта кеткен жөн. Әділқазылар алқасы марапаттарды тапсыру барысындағы өз сөздерінде орын алған бейнероликтердің ғана емес жалпы ұсынылған бәрлық жұмыстардың креативты тұстарына ,жетіспеушіліктері мен жетістіктеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Салтанатты іс -шараның соңында студент қауымының өкілдері ұстаздар қауымдастығына өз алғыстарын білдірді. Кеш Ескендір Хасанғалиевтың «Менің Қазақстаным» атты хитке айналған әнімен қортындыланып тамамдалды. Бұл да бір символикалық қадам еді. Өйткені үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы ғана емес және еліміздің маңдай алды жоғары білім беретін жоғарғы оқу орыны Қайнар академиясының  құрылғандығының 30 жылдық мерейтойы! Қайнар академиясының бүкіл ұжымын,басшылығын және ұстаздар қауымын және де барлық студенттерімізді осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!!! Қайнар академиясы өрлей берсін!

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content