COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
6 наурыз
2021 жылдың 4 наурыз күні Қайнар академиясы «Тілдер және журналистика» кафедрасының профессоры Алтыншаш Арыстанбекқызы Құрманәлі мен аға оқытушы Құралай Оңғарқызы Айтқұлованың ұйымдастыруымен «Екі шет тілі» мамандығы студенттерінің белсенді қатысуымен «Аналар -асыл жандар» атты мерекелік әдеби-музыкалық кеш өтті. Мерекелік кеште академияның Оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Абдибеков Сәкен Уәлиханұлы мен Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Перленбетов Мұқан Әтенұлы, «Тілдер және журналистика» кафедрасының меңгерушісі, профессор Мұхаметқалиева Гулнар Огусханқызы нәзік жанды ұстаздар мен ару қыздарды мерейлі мерекелерімен құттықтап, оларға жүрекжарды тілектерін білдірді. Студенттер ұстаздарына деген ыстық ілтипаттары мен игі тілектерін әлем тілдерінде білдіріп, әсем әндер орындап, жүрек тебірентер өлеңдер оқыды. 3 курс студенттері Жүнісхан К. мен Талғатқызы М. «Ұлы даланың ұлы аналары», «8 Наурыз мерекесінің тойлану тарихы» атты баяндамалар жасады. Онлайн форматында өткен әдеби-музыкалық кеш мерекелік көңіл күй сыйлап, мазмұнды және тағылымды өтті.

Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content