COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
22 ақпан

«Тілдер және журналистика» кафедрасының «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті», «5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарының 4 курс студенттері мемлекеттік педагогикалық практикадан 2021 жылдың 18 қаңтар айынан бастап өтуде. Педагогикалық практика еліміздегі пандемияға байланысты әр студенттер өздерінің тұрып жатқан ауылдарындағы Жалпы білім беретін орта мектеппен Қайнар академиясы келісімшартқа отырып, онлайн және офлайн режимде өтуде. Атап айтар болсақ, Мысырханова Дидар Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жақаев ауылындағы №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектептің 5 және 11 сыныптарына офлайн сабақ өтуде. Шаймарданова Рано Алматы обласы. Ұйғыр ауданы, Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығында онлайн өтсе, Кенжеғали Айбота Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылдық округінің Н.Островский атындағы орта мектебінде офлайн өтуде. Жалпы студенттердің барлығы педагогикалық практикадан уақытында өтуде.

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content