COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
12 қазан

 «Қайнар» Академиясының  6В113-Көліктік қызмет көрсету  және 6В061- Ақпараттық коммуникациялық технологиялар  оқу бағдарламаларын  оқытатын  Тасымалдауды ұйымдастыру  және ақпараттық технологиялар кафедрасы  2020-2021 оқу жылын  белгіленген оқу жоспарына сәйкес ойдағыдай бастады. Биылғы оқу жылында аталған кафедрада 23 қызметкер жұмыс істеуде. Олардың үшеуі ғылым докторы, алтауы РhD, бес  ғылым кандидаты және де магистрлер, аға оқытушылар болып табылады.

    Кафедра қызметкерлері  оқу жылының бастапқы кезеңінен бастап Академия жұмысына барынша ынта-жігерлерімен өз үлестерін қосуда. Платонус ,ЗУУМ тағы да басқа платформаларды белсене пайдалана отырып студенттермен онлайн оқу жүйесі үздіксіз жүзеге асырылуда. Барлық өткізілген дәрістердің,практикалардың  фотосуреттері, мүмкіндігінше бейне сілтемелері есеп беру үшін жинақталуда. Кафедра оқытатын оқу бағдарламалары бойынша оқу құралдары, соның ішінде электронды басылымдар жаңартылуда және көбейтілуде.

   Оқу жылының басында Академиямыздың Президент-ректоры, профессор Е.С.Омаровпен және академия басшылығымен  болған онлайн кездесуде оқу орынының биылғы жылғы бағыт-бағдары айқындалып берілді.  Осыны басшылыққа ала отырып қазір кезеңде қызу жұмыстар қызу жүргізілуде. Мәселен өткен аптада зейнетке шыққан бұрынғы кафедра оқытушыларын  Ұстаздар күні  мерекесімен онлайн құттықтау шарасы өткізілді. Терроризмнің  және экстремизмнің алдын алу шаралары аясында  студенттермен онлайн кездесу жүргізілді. Тәж-вирусының екінші толқынынан сақтану бойынша да медициналық және ақпараттық іс-шаралар қолға алынуда. Алдағы уақытта да Өзге де жаңалықтардан сайтымызда үнемі хабардар ететін боламыз.

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content