COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
7 қазан

        "Құқықтану" ББ студенті Ж.Апуажанов Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев бекіткен "Халық алғысы" медалімен марапатталды. "Халық алғысы" медалі коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеу үшін тағайындалған. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Бабақұмаров марапаттарды табыстай отырып, қала және әкімдік атынан қайсарлығы, кәсібилігі, белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді. Марапатталғандардың қатарында медицина қызметкерлері, еріктілер, қоғам белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

         4 курс студенті Апуажанов Жақсылық пандемия кезінде қашықтықтан оқыту технологиясын еріктілер қозғалысымен үйлестіре отырып, аса мұқтаж адамдарға көмек көрсетті.

         Біз студенттерімізді мақтан тұтамыз - Biz Birgemiz!!!

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content