COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
1 қыркүйек
Құрметті студенттер, ата-аналар‼️ 
Сіздерді алда келе жатқан білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Соңғы кездегі бұқаралық ақпарат құралдары бойынша келеңсіз түрде хабарланып жатқан бірқатар жоғарғы оқу орындарының білім беру лицензияларының тоқтатылғандығы жөнінде келесі мәліметті жеткізгіміз келеді. Қайнар Академиясы қазіргі уақытта академияның білім беру қызметі мемлекеттік лицензиясына сәйкес қалыпты жағдайда жұмыс атқарып жатқандығы туралы хабарлайды.
Академия қызметін ҚР БҒМ тарапынан білім беру саласындағы заңнаманың сақталуына профилактикалық бақылау жөніндегі комиссия тексерді.
Академия лицензиясының қолданысы тоқтатылған жоқ, қабылдауды жүзеге асыруға және білім беру қызметін жүргізуге ешқандай кедергі жоқ.
Жоғарыда аталып өткен барлық маңызды мәселелер бойынша және оқудың жөнінде «Қайнар» академиясының жауапты қызметкерлері сұрақтарыңызға жауап береді. Студенттерді 2020 жылы 03-қыркүйекте 15-00 Қайнар Академиясы ұжыммен өтетін онлайн кездесуіне шақырамыз.
«Қайнар» Академиясының әкімшілігі

Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content