Құқықтық пәндер кафедрасының студенттері қашықтықтан оқыту технологиясын елдегі төтенше жағдайларға байланысты карантин кезеңінде еріктілер қозғалысымен сәтті үйлестіреді.
Сонымен, Алматы қаласын дамыту басқармасы (Алматы қаласы әкімдігі) құрған Жедел еріктілер штабы аясында 3 курс студенттері G39 жастар ұйымының төрағасы Ахметқали Бұлан, Алматы волонтерлар лигасының мүшелері Апуажанов Жақсылық және Нұрбек Бұхарбаев мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Волонтерлар халықты коронавирустың таралу жағдайы туралы ақпараттандырады, алдын-алу туралы, өзін-өзі оқшаулау кезеңіндегі мінез-құлық ережелері туралы әңгімелейді, өтініштердің есебін жүргізеді және ардагерлерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға атаулы көмек көрсетеді.
Жеке тұлғаның белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру - Академиямыздың оқу-тәрбие процесінің басты мақсаттарының бірі және біз студенттерімізбен мақтанамыз !!!