COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
16 наурыз
  Қайнар академиясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы - елдің еркін және үдемелі дамуының құқықтық негізі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Пленарлық отырысты бастама құттықтау сөзімен з.ғ.к., қауым. проф. Апахаев Н.Ж. ашты.
Конференция жас ғалымдардың, студенттердің және практик-заңгерлердің үлкен қызығушылығын тудырып, оған тек заң саласындағы ғалымдар ғана емес, сонымен бірге Алматы қаласының экономикалық мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының студенттері де қатысты.
Конференция құқық саласындағы заманауи зерттеулердің жетістіктерін, Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихына және адам құқықтарының конституциялық қағидаларына қатысты маңызды аспектілерді, сондай-ақ Қазақстандағы конституциялық реформалардың өзекті мәселелерін талқылауға арналды.
    Конференция соңында академиялық профессорлар Айткожин К.К., Бөрібаев Е.А., Калаганов Б.К. конференцияның қазіргі күн тәртібі заманауи, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттің негізін орнатуды қамтамасыз ететін конституциялық ережелердің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content