COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
13 желтоқсан

2019 жылдың 11 желтоқсанында «Тілдер және журналистика» кафедрасының профессоры Ә.С.Мұхтарова қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенттерімен «Сыни тұрғыда дамыта оқытудың стратегияларын сабақ үдерісінде  қолдану жолдары» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Студенттер пікір алысу, сұрақ-жауап,баяндау, пікір таластыруформасында Ой тастау, ойланту технологиясы, Блум таксономиясы, РАФТ, Case Study, т.б.стратегиялар бойынша практикалық жұмыс жасады. Білімгерлер сабақ өту барысында өз пікірлерін ашық, еркін,образды түрде бейнелеп, теориялық материалды практикалық құзіреттілік тұрғысы жағынан сенімді дәлелдеді. Сабақ соңында профессор С.Б.Омарова оқу стратегияларының  білімгердің жеке тұлға ретінде дамуына әсер ететін жағымды фактор екендігін атап көрсетті. Сабақ әр студентті логикалық жағынан дамытуға және өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға жетелеген шеберлік сыныбы болды.

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content