COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
22 қараша

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас мамандары Ж. А. Құлбаева мен С. Ж. Ермаханова "Б "корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Мемлекеттік қызметке кіру және конкурстық рәсімдерден өту тәртібін түсіндіру"тақырыбында 20 қараша 2019 жылы семинар өткізді.

         Қайнар академиясының студенттеріне "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіру тәртібі, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі, Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру және бағдарламасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы түсіндірілді. Семинар барысында тарату материалдары (буклеттер, жадынамалар) таратылды.

         Қайнар Академиясының студенттері семинарға белсенді қатысып, мемлекеттік қызметке түсу және өту тәртібі туралы түрлі сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді.

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content