COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
4 қазан

 2019 жылдың 9 қыркүйегінде Қайнар академиясы «Тілдер және журналистика» кафедрасының ұйымдастыруымен оқытушылар мен студенттер ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық  диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

    Кафедра меңгерушісі Г.О.Мұхаметқалиева Жолдаудағы Президент орындалуы тиіс деп санаған   8 түрлі іс-шараның мазмұнын айтып  өтті.Әсіресе «Халықпен кері байланыс орнатудың» тиімді тұстарын санамалай келе,  «Халық үніне құлақ асатын  мемлекет» тұжырымдамасын  таныстырды.

   Кафедра профессоры Ә.Мұхтарова  жолдаудағы өзекті шараның бірі-қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мәселесі туралы баяндай келе, қазақ халқының мемлекет құраушы  ұлт ретіндегі рөлін күшейту мен оның ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңінің келгенін айтқан Президент сөзінің аса маңыздылығына тоқталды.

    Жолдауды талқылау қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті Қ.Көргеновтің «Ауыл-ел бесігі» жобасының өзектілігін және жастар мәселесі- мамандар даярлаудың отандық жүйесінің ұтымды жақтарын ортаға салған пікіріне ұласты. Журналистика мамандығының 2-курс студенттері Б.Нызаманадинов пен Б.Манапхановтың  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы айтқан пікірлері көпшілік көңілінен шықты. Студенттер  Жолдаудағы әсіресе ауылдағы  дарынды балаларды іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау жөніндегі іс-шараға аса ризашылықтарын білдірді. Жобаны талқылау қызу, мазмұнды өтті.

 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content