COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
3 қазан

24 қыркүйек, 2019 жыл  «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігі құқықтану мамандығының 2-4 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастамасымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен жүзеге асырылған Алматы қаласының жастары арасында «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы таныстырылды.  Жобаның басты мақсаты - жастарды мемлекеттік қызметке даярлау.
Олардың қатарында 2018-2019 оқу жылында осы жоба аясында оқудан өткен «Қайнар» академиясының «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын студенттеріміз болды. Олар қазіргі мемлекеттік қызметкерлердің, тәжірибелі практиктердің, мұғалімдердің, психологтардың және бизнес-тренерлердің қатысуымен өткізілген оқыту семинарынан өтті.  Жоба аяқталғаннан кейін қатысушылар заң бойынша сынақ тестінен өтеді, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтыратын барлық мәселелер бойынша сұрақ койып, талқылады.


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content