COVID-19
Сатпаева 7а (уг. ул. Сейфуллина)
г. Алматы,
1 қазан

Қайнар Академиясының тілдер және журналистика кафедрасы қазақ тілі мамандығының 4-ші курс студенті, дарынды ақын- Көргенов Қуандық Жастар жылы аясында өткізілген «Жастар болашақты жырлайды» атты бас жүлдені қанжығасына байлады.Сегіз қырлы, бір сырлы серіміздің осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері де аз емес. Мысалы:

НААР Аккредиттеу Агенттігінің студент-эксперті

Қайнар Академиясы 2018 жыл қорытындысы бойынша «Жыл студенті-2018» атағының иегері

Абай атындағы Педогогикалық Университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Менің пірім – Сүйінбай» атты республикалық ақындар айтысының қатысушысы

2019 жылы ұйымдастырылған Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының құрылтай делегаты

Республикалық МузEnergy  музыкалық байқауының  қатысушысы

Университет өміріне белсене араласып, барлық жерде өз зеректігі мен ақыл парасатын паш етіп жүрген шәкіртімізді кезекті  жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Біз сенің әр жетістігіңе қуанамыз,сені мақтан етеміз, қанатың талмасын, Жас Ұлан! 


Ілгері

Өтінім түсуі

Онлайн қабылдау комиссиясы Skip to content