«Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Халықаралық
бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы 2017 жылғы 13 – 14 қарашада
қазақстандық жоғарғы білім беру жүйесінің экспорттық әлеуетін арттыру және шетелдік
студенттерді тарту мақсатында, Түркменстан Республикасының астанасы Ашхабадта
өткен «Қазақстандық білім беру күні» көрмесіне Қайнар Академиясының қаржы және
экономика жөніндегі проректоры Қалағанов Бақытбек Қалағанұлы қатысты. Көрмеге
Қазақстанның 20- дан аса жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысып, қазақстандық
білім беру жүйесінің ерекшеліктері, оқу орындарында оқу мүмкіндіктері бойынша ой
бөлісті. Түркменстанда алдағы жылы оқу бітіретін түлектерді әрбір оқу орны өздерімен,
жарнамаларымен таныстырды.